15
сентябрь
2021
"Жол ережелерімен танысайық!"
2021-2022 оқу жылының қыркүйек айында мектеп инспекторы мен ҚІББ жол полициясы қызметкерлері "Жол ережелерімен танысайық!" атты 1-2 сынып оқушыларының сынып сағаттарына қатысты. Сондай-ақ "Жолда жүру ережесін білу - бәріне міндет!", "Қауіпсіз мектеп автобусы" тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына лекция оқылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.